Жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін келеңсіз құбылыс. Оның алдын алу үшін заң талаптарын сақтау және пара беруге де, пара алуға да жол бермеу маңызды.
Әр азамат өз ісіне жауапкершілікпен қарап, адалдық пен әділдікті басты қағида етуі қажет. Жемқорлықпен күрес тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Адал қоғам қалыптастыру әр адамның күнделікті іс-әрекетінен басталады.


