ОТБАСЫЛЫҚ ЖАНЖАЛДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

(0 Votes)
5 қазан мен 5 қараша аралығында Құрманғазы ауданында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара аясында полиция қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алу және есепте тұрған тұлғаларды тексеру жұмыстарын жүргізуде.
 
Сонымен қатар, жәбірленушілердің келісімімен олардың ұялы телефондарына «102» қосымшасы орнатылып, оны пайдалану тәртібі мен мүмкіндіктері іс жүзінде түсіндірілуде.
 
Басты мақсат – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT