Татулық бар жерде тұрақтылық бар

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ТМД елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бастамаларын қолдаймын. Бүгінде мемлекеттердің өзара сенімі, экономикалық әріптестігі мен халықтар достығының маңызы зор.

Президенттің бірлескен өндірістерді дамыту, көлік байланысын жетілдіру және жасанды интеллект саласында тәжірибе алмасу жөніндегі ұсыныстары заман талабына сай. Мұндай бастамалар елдердің экономикалық әлеуетін арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді.

Меніңше, ТМД-ның басты құндылығы – ортақ тарих пен халықтар арасындағы достық. Тәуелсіздікті құрметтеп, өзара түсіністік пен татулықты сақтаған елдердің болашағы да баянды болады. Сондықтан ынтымақтастықты нығайту – баршаға ортақ міндет.

Зоя ТЕМІРТАСҚЫЗЫ,

Еңбек ардагері 

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT