ОНЫМЕН КҮРЕС – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

(0 Votes)

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДАМУЫНА КЕРІ ӘСЕРІН ТИГІЗЕТІН, МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТӨМЕНДЕТЕТІН ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТКЕ ДЕГЕН СЕНІМІНЕ НҰҚСАН КЕЛТІРЕТІН КЕЛЕҢСІЗ ҚҰБЫЛЫС. СОНДЫҚТАН ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҮРГІЗУ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Осы бағытта арнайы заңАуылдық округте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, мемлекеттік қызметтердің ашық әрі қолжетімді көрсетілуіне ерекше назар аударылып келеді. Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары заңда белгіленген мерзімдерде қаралып, тиісті шешімдер уақтылы қабылданады.

Мемлекеттік қызмет көрсету барысында заңдылықтың сақталуына тұрақты бақылау жүргізіледі. Келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында да түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарын сақтау және қызметтік әдеп нормаларын қатаң ұстану қажеттілігі үнемі ескертіледі. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Қоғамда адалдық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыру – сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты шарты. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, қоғамдағы тәртіп пен әділдікті нығайтуға өз үлесін қосуы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана біз әділ, ашық әрі дамыған қоғам қалыптастыра аламыз. Сондықтан әрбір азаматты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, заң талаптарын сақтауға және қоғамда адалдық қағидаттарын нығайтуға белсенді қатысуға шақырамыз. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – еліміздің тұрақты дамуы мен болашағы үшін маңызды міндет. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, қоғамда заң үстемдігі мен әділдік қағидаттарын нығайтуға бағытталатын болады. 

Н.ЕСИМОВ,

Еңбекші ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT