Оны жоюдың жаңа тетіктері

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды.

Қабылданған өзгерістер мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған. Заңдағы маңызды жаңалықтың бірі-сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қолданылатын тұлғалар шеңберінің кеңейтілуі. Енді мұндай талаптар мемлекеттік органдар қызметкерлерімен қатар квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметкерлеріне және бюджет қаражаты немесе Ұдттық қор қаражаты есебінен қаржыландыратын жобаларды іске асыруға қатысатын тұлғаларға да қолданылады.

Бұл мемлекеттік қаражаттың тиімді әрі ашық жұмсалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кадрлық процестерді толық цифрландыруға ерекше назар аударылды. «Е-қызмет» бірыңғай цифрлық кадрлық жүйесінің заңнамалық негізі бекітіліп, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордағы кадрлық жұмыстардың ашықтығы мен тиімділігін арттыру көзделген. Бұл адами фактордың әсерін азайтып, кадрлық шешімдердің обьективті қабылдануына ықпал етеді. Заңнамалық өзгерістер мемлекеттік органдар басшыларының жауапкершілігінде күшейтті. 

Енді сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша қажетті шараларды қабылдамаған немесе бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол беруіне ықпал еткен басшылардың жауапкершілігі арта түседі. Бұл басшылардың алдын-алу жұмыстарына деген жауапкершілігін күшейтуге бағытталған. 

Жалпы алғанда, 2026 жылғы өзгерістер Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа кезеңін қалыптастыруға бағытталған. Заңнамалық жаңашылдықтар мемлекеттік аппараттың ашықтығын арттыруға, қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесінің тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді. 

Ж.МУФТАХОВА,

аудандық сот әкімшісі басышысының орынбасары

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT