«Қауіпсіз үй» және «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Н.С. Манаев атындағы жалпы орта мектепте оқушылармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында мектептегі тәртіпті сақтау, буллинг пен әлімжеттіліктің, жасөспірімдер арасындағы төбелес пен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар интернет-алаяқтықтан сақтану, жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау және заң талаптарын орындау қажеттігі айтылды.
Профилактикалық шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз орта қалыптастыру және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу.


