Дина Нұрпейісова жалпы орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен Атырау облысы әкімдігінің 2026 жылдың 19 мамырдағы номері 06-01-06-02-46/5848 санды хаты бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 29 сәуірдегі номері 106-НҚ бұйрығы негізінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ оқу жылының аяқталуына байланысты өткізілетін іс-шаралар кезеңінде қауіпсіздік шараларын күшейту үшін, орта білім беру ұйымдарында өткізілетін кештер, банкеттер, автокортеждер, “таңды қарсы алу” шаралары, табиғат аясындағы іс-шаралар және алау жанындағы жиындар өткізуге тыйым салынғандығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың арасында қылмысты болдырмау, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында оқушылардың түнгі сағат 23:00 ден таңғы 6-ға дейінгі уақыт аралығында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үй-жайдан тыс жерлерде болмауы, түнгі сағат 22:00 ден таңғы 6-ға дейінгі уақыт аралығында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде, кафе-барларда жүрмеуі, алкоголь өнімдерін ішпеу, темекі бұйымдарын тұтынбау, шанышпалы-кесетін заттарды өздерімен алып жүрмеу, мүлдем автокөлік, мотокөлік, мопед басқармау, ұрлық қылмыстарының алдын-алу мақсатында бөтеннің мүлкіне қол сұқпау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Есірткінің, оның ішінде синтетикалық түрлеріне деген сұраныстың қазіргі уақытта көптеп орын алуы салдарынан, осы бағыттағы құқық бұзушылықтар және синтетикалық есірткі қолданушылар, жасырын әдістері арқылы сақтау және сатумен айналысатын жастар, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандар анықталуына байланысты құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жасөспірімдердің өмір қауіпсіздігінің алдын-алу мақсатында алыс жолдарға ата-анасыз шығармау, жол ережелерін қатаң сақтау, өрт қауіпсіздігі, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау, электр жабдықтарын тұтыну бойынша қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар табиғат аясына ата-анасыз демалуға жібермеу жөнінде қатаң ескертілді.

