ҚАЗІРГІ ТАҢДА НАШАҚОРЛЫҚ ПЕН МАСКҮНЕМДІК – ҚОҒАМ ҮШІН ҮЛКЕН ҚАУІП ТӨНДІРІП ОТЫРҒАН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ БІРІ. БҰЛ ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕР АДАМНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҒАНА ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ БЕРЕКЕСІНЕ, ҚОҒАМНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА ДА КЕРІ ӘСЕРІН ТИГІЗЕДІ. ӘСІРЕСЕ ЖАСТАРДЫҢ МҰНДАЙ ӘДЕТТЕРГЕ ӘУЕСТЕНУІ АЛАҢДАТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ.
Зиянды әдеттердің алдын алу – отбасы, мектеп және қоғамның ортақ міндеті. Балаларды жастайынан салауатты өмір салтына баулу, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру аса маңызды. Спортпен айналысу, шығармашылық және түрлі үйірмелерге қатысу, кітап оқу мен тіл үйрену жастардың дұрыс бағыт таңдауына көмектеседі. Салауатты өмір салтын насихаттау – болашақ ұрпақтың дені сау, білімді әрі саналы болып қалыптасуының кепілі. Сондықтан әрбір азамат зиянды әдеттерден аулақ болып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Г.ПИРМАТОВА, Сүйіндік ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы


