Суицидтің алдын алу – қоғам үшін аса маңызды мәселелердің бірі. Адам қандай қиындыққа тап болса да, оның өмірі мен қауіпсіздігі бірінші орында тұруы керек. Кейде адам ішкі жан дүниесіндегі күйзелісті жалғыз көтере алмай, көмекке мұқтаж болады. Сондықтан жақын адамның көңіл-күйіндегі өзгерістерге бейжай қарамай, оны тыңдап, қолдау көрсету маңызды.
Жасөспірімдер мен жастарға ерекше көңіл бөліп, олармен ашық сөйлесу, сенім мен түсіністік қалыптастыру – қиын жағдайлардың алдын алудың тиімді жолдарының бірі. Қиындыққа тап болған адамға «сен жалғыз емессің» екенін сезіндіру үлкен қолдау бола алады.
Әр адамның өмірі қымбат. Қандай жағдай болмасын, мәселені шешудің жолы бар, ал көмек сұрау – әлсіздік емес, керісінше батылдық. Бір жылы сөз, бір қолдау, бір дер кезінде көрсетілген көмек адам өмірін сақтап қалуы мүмкін.


