Суицидтің алдын алу – қоғам үшін аса маңызды міндет. Қиындыққа тап болған адамға дер кезінде қолдау көрсету, оның жанын түсініп, жалғыз қалдырмау үлкен мәнге ие. Кейде жылы сөз бен қарапайым көңіл бөлу адамның өмірге деген үмітін қайта оятуы мүмкін.
Әсіресе жастар мен жасөспірімдерге отбасы, достары, ұстаздары тарапынан түсіністік пен қолдау қажет. Қандай жағдай болмасын, қиындықтың шешімі бар екенін түсіндіру маңызды. Адамның өмірі мен оның жан тыныштығы – ең басты құндылық.
Әрқайсымыз жақындарымыздың көңіл күйіне назар аударып, қажет кезде қолдау көрсетіп, қиын жағдайда жүрген адамды мамандардың көмегіне жүгінуге шақыра аламыз.


