«Өмір – ең қымбат құндылық»

(0 Votes)

Суицидтің алдын алу – қоғамның маңызды міндеттерінің бірі. Адамның өміріне деген құрмет пен дер кезінде көрсетілген қолдау қиын жағдайдан шығуға мүмкіндік береді.

Жақын адамның көңіл күйіндегі өзгерістерге бейжай қарамай, оны тыңдап, түсіністік таныту маңызды. Қиындыққа тап болған адам жалғыз қалмауы керек. Психологиялық қолдау мен мамандардың көмегіне уақытылы жүгіну – қауіптің алдын алудың тиімді жолы.

Әр адамның өмірі құнды. Бір-бірімізге қолдау көрсетіп, қиын сәтте жанымыздағы адамға назар аудару арқылы суицидтің алдын алуға үлес қоса аламыз.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT