Мемлекеттік басқарудағы жаңа бағыт

(0 Votes)

Жаңа Конституция жобасында адам құқықтарын қорғауға ерекше мән берілуі – заман талабы. Құқықтық мемлекет құрудың басты шарты – әр азаматтың құқығы заңмен нақты әрі тиімді қорғалуы. Ол дегеніміз халықтың мемлекетке деген сенімін арттырып, әділдік қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді деп санаймын.

Әсіресе, заң үстемдігін күшейту, сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету және азаматтардың өз құқықтарын еркін қорғауына мүмкіндік беру – қоғам дамуының маңызды көрсеткіші болып келеді.  Әрбір адам өз пікірін ашық білдіріп, заң алдында тең болуға тиіс.

Сондықтан Жаңа Конституция жобасындағы бұл бағытты қолдай отырып, оның еліміздің тұрақты дамуына және демократиялық құндылықтардың орнығуына серпін беретініне сенемін.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Референдум 2026

Референдум 2026