Құрманғазы ауданында «Құқықтық тәртіп» және «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары білім беру ұйымдарында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізуде.
Негізгі мақсат – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз орта қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
- Аталған жедел-профилактикалық іс-шаралар басталғалы бері 1500-ден астам оқушыға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады, - деді учаскелік полиция инспекторы.


