Мектеп түлектері мен ата-аналарға құқықтық түсіндіру және профилактикалық шаралар жүргізілді

(0 Votes)

Ағымдағы жылдың 25 мамыр күні Әбу Сарсенбаев атындағы жалпы орта мектебінің 11-сынып түлектері мен олардың ата-аналарына құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру шаралары ұйымдастырылды.

Кездесу барысында арнайы автокортеж ұйымдастыру кезінде жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі түсіндірілді. Сондай-ақ көлік құралдарын заңсыз басқару, қоғамдық тыныштықты бұзу, жасөспірімдердің заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз мейрамханалар мен өзге де көңіл көтеру орындарында жүруі, алкогольдік ішімдіктер мен басқа да тыйым салынған заттарды пайдалануы үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны айтылды.

Сонымен қатар, көлік терезесінен денесін шығаруға қатысты жаңа талаптар түсіндірілді. Аталған құқықбұзушылық үшін жүргізушіге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 593-бабы, ал жолаушыға 615-2-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны ескертілді.

Жиын барысында ата-аналар мен түлектерге құқықбұзушылықтар мен түрлі оқыс жағдайлардың алдын алып, заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT