Құрметті ата-аналар!
Б. Бегалиев атындағы жалпы орта мектебі кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мектепке суық қару мен өзге де қауіпті заттарды алып келу жағдайларының алдын алу мақсатында назарларыңызға жадынама ұсынады.
Балаға қауіпті заттарды «әзіл үшін», «көрсету үшін» немесе «өзін қорғау үшін» алып жүрудің ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін түсіндіру маңызды.

Балаңыздың мектепке алып баратын заттарын бірге қарап, назар аударыңыз.

Өткір құралдар мен қауіпті заттарды қолжетімсіз жерде сақтаңыз.

Балаңызбен ашық сөйлесіп, оның көңіл күйіне, достарымен қарым-қатынасына мән беріңіз.

Қорқыту немесе жанжал туралы айтса, мұқият тыңдап, қолдау көрсетіңіз.

Қауіпті жағдай байқалса, мектеп әкімшілігіне немесе сынып жетекшісіне дереу хабарлаңыз.

Балаңызға ескертіңіз: қауіпті затқа жақындауға, оны ұстауға немесе біреудің қолынан тартып алуға болмайды. Қауіпсіз жерге кетіп, ересекке хабарлау қажет.