ПМК елді мекенінде орналасқан М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде Құрманғазы ауданы Полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Сарсембиев Дидар Сементаевич және кәмелетке толмаған істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Ж.Түсіповамен бірлесе отырып, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде балалар қауіпсіздігі, зорлық-зомбылыққа жол бермеу, есірткі таратудың алдын-алу, жол қауіпсіздігі, бөтеннің мүлкіне қол сұқпау, буллинг және кибербуллинг мәселелері бойынша 10-11 сынып ұл балалар оқушыларымен құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында сөз сөйлеу ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, қылмысты болдырмау, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында оқушыларға түнгі сағат 23:00 ден таңғы 6-ға дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үй-жайдан тыс жерлерде болмауы, түнгі сағат 22:00 ден таңғы 6-ға дейінгі уақыт аралығында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болмауы, алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын тұтынбау, шанышпалы-кесетін үшкір бұйымды заттарды өздерімен алып жүрмеу, мүлдем автокөлік, мотокөлік, мопед басқармау, қорқытып алушылық пен бопсалаушылыққа жол бермеу, ұрлық қылмыстарының алдын-алу, жасөспірімдер арасындағы жаппай төбелеске жол бермеу мақсатында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жағалаудағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, табиғи газ, электр жабдықтарын тұтыну бойынша қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.



