Құрманғазы ауданының аумағында мал ұрлығының алдын алу, қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау, ұстау және оларды жауапкершілікке тарту мақсатында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара аясында криминалдық полиция бөлімшесі мен учаскелік полиция инспекторлары құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындармен тығыз байланыс орнату мақсатында қала аумағындағы қыстақ пен шаруа қожалығына тексеру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, мал базарларында және ет өнімдерін сататын азық-түлік дүкенінде тексеру жұмыстарын жүргізді. Аталған шараның басты мақсаты — мал ұрлығының алдын алу, ауыл шаруашылығы өнімдерінің заңсыз айналымына тосқауыл қою және тұтынушылардың құқықтарын қорғау.
Қыстақтарды аралау кезінде тәртіп сақшылары тұрғын үйлердің қауіпсіздік деңгейін, мал қыстақтарының жағдайын және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексерді. Сонымен қатар, тұрғындарға құқық бұзушылық орын алған жағдайда бірден полицияға хабарлау қажеттігі түсіндірілді.

