Мал ұрлығына жол жоқ

(0 Votes)

#ЗАҢМЕНТӘРТІП
 
Құрманғазы ауданы аумағында 6–10 сәуір аралығында республикалық «Мал ұрлығына жол жоқ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Басты мақсат – мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу және олардың жолын кесу.


 
Іс-шара барысында:
- мал жаю қағидаларын сақтау, жануарларды сәйкестендіру және GPS-бақылау құралдарын пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі;
- ауылдық округтерде қаңғыбас малға арналған қоралар құру және оларды қаржыландыру мәселелері қарастырылады;
- ветеринариялық қызметтермен бірлесіп, аулаларды аралау арқылы тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Мал жаю қағидаларын бұзған және жануарларды міндетті сәйкестендіру талаптарын орындамаған тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406 және 408-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT