Құмар ойынға тәуелділік адамның қаржылық жағдайына ғана емес, оның отбасылық қарым-қатынасы мен әлеуметтік өміріне де кері әсер етуі мүмкін.
Лудоманияның алдын алуда жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру, бос уақытын пайдалы өткізуге жағдай жасау және отбасы тарапынан қолдау көрсету маңызды. Құмар ойыннан аулақ болып, салауатты әрі мағыналы өмір салтын таңдауға шақырамыз.


