Құмар ойынға тәуелділік – адамның қаржылық жағдайына ғана емес, отбасына, жұмысына және психологиялық ахуалына кері әсер ететін күрделі мәселе.
Ойыннан оңай ақша табуға деген қызығушылық уақыт өте келе тәуелділікке айналып, адамды қарызға, жанжалға және әлеуметтік қиындықтарға әкелуі мүмкін.
Сондықтан әр азамат өз уақытын тиімді пайдаланып, спортпен, шығармашылықпен және пайдалы істермен айналысқаны жөн деп ойлаймын. Жастарға құмар ойынның қауіптілігін ерте түсіндіру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Оразғалиева Ақмарал


