Әлімжеттік әлсіздің ісі

(0 Votes)

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг әлемді шарпыған үлкен келеңсіздіктердің біріне айналып отыр. Қатарластары тарапынан мазаққа ұшырап, әлімжеттік пен дөрекілік көргендері томаға тұйықталып, қоғамнан оқшауланып жатыр. Кейбірі тіпті тығырықтан шығатын жол таппай, өз-өзіне қол жұмсайды. Технология дамып, әлеуметтік желінің ықпалы күшейген сайын киббербулингке ұшырайтын балалар саны да артып отыр


Қазір, көбінесе, балалардың қолы бос. Көп жағдайда қолайсыз отбасынан шыққан, қараусыз қалған балалар қылмысқа барады, бұзақылық жасайды, мүлік ұрлайды, түнде көшеде жүреді. Ал кейбір ата-аналар таңертеңнен кешке дейін жұмыста, баласының тәрбиесіне, олардың немен айналысып жүргеніне бас қатыруға шамалары келмей қалады. Бұл тексеру барысында белгілі болады. Былтыр өңірде кәмелетке толмағандар арасында қылмыс тіркелсе, . Сондай-ақ, балалар интернет желісіне кіріп, психикасын бұзатын ойындар ойнайды. Олардың қылмысқа, қатыгездікке баруына осы нәрсе де себеп болуы мүмкін.
            Буллингтің әртүрлі формалары бар. Вербалды буллинг – бұл біреуді сөгу, мазақтау, қорлау немесе лақап ат қою сияқты сөз арқылы жасалатын психологиялық қысым. Физикалық буллинг – адамның денесіне зақым келтіру немесе мүлкін бүлдіру арқылы жүзеге асады, мысалы ұру, итеру немесе заттарын қиратып тастау. Әлеуметтік буллинг – топтан шеттету, өсек тарату, достар арасынан шығарып тастау сияқты әрекеттер арқылы әлеуметтік қысым көрсету. Кибербуллинг – қазіргі замандағы интернет пен әлеуметтік желілер арқылы жасалатын, мәтіндік хабарламалар, суреттер немесе видеолар арқылы қорқыту мен қоқан-лоқы көрсету.
  Буллинг жасауға кім бейім келеді, қудалауға кім ұшырайды деген сауалдар төңірегінде мамандар арасында қызу пікірталастар әлі күнге дейін жүріп жатыр. Әрине, отбасы тәрбиесінің ықпалы бірінші орында екені бірауыздан айтылады. Егер отбасында бір-біріне тең қарау, сыйластық, әдептілік ұстанымдары сақталмаса, бұл балаға кері әсер етеді. Ондай отбасынан шыққан балалар не буллинг жасауға бейім болуы немесе өзі буллинг құрбанына айналып, соған көнбіс келуі мүмкін.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT