Лифтіні пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтаңыз

(0 Votes)

 

Көпқабатты үйлерде лифт күнделікті пайдаланылатын құрылғылардың бірі. Алайда оның ішіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау маңызды. Лифтке шамадан тыс адам кіргізуге, есікті күштеп ұстауға немесе ақау байқалған жағдайда оны пайдалануды жалғастыруға болмайды.

Балаларға лифтіні өз бетінше дұрыс пайдалану тәртібін түсіндірген жөн. Егер кабина тоқтап қалса, есікті өз бетіңізше ашуға тырыспай, диспетчермен байланысып, мамандардың көмегін күткен дұрыс.

Қауіпсіздік ережесін сақтау – төтенше жағдайлардың алдын алудың ең қарапайым жолы.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT