КҮЗГІ ДЕМАЛЫС ҚАРСАҢЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

(0 Votes)
 
Қадыр Мырза Әли атындағы жалпы орта мектепте І тоқсанның аяқталып, оқушылардың күзгі демалысқа шығуына орай профилактикалық кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға демалыс кезінде жол қозғалысы ережелерін сақтау, қоғамдық орындарда тәртіп бұзбау және түрлі қауіп-қатерден сақтану қажеттігі түсіндірілді. 
Сонымен қатар 19–23 қазан аралығында «Қауіпсіз ұрпақ – кемел болашақ» апталығы аясында оқушылармен жеке профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT