Аялдамалар, орындықтар, жарық шамдары, қоршаулар мен басқа да нысандар тұрғындарға ортақ пайдалану үшін орнатылады. Оларды бүлдіру немесе әдейі зақымдау қоғамдық ортаға кері әсер етіп қана қоймай, қалпына келтіруге қосымша шығын қажет етеді.
Қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау – азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрсеткіші. Әр тұрғын ортақ нысандарды өз мүлкіндей сақтап, олардың бүлінуіне жол бермеуге үлес қоса алады.
Тәртіпті қоғам ортақ дүниеге деген құрметтен басталады. Қоғамдық орындарды таза әрі бүтін сақтау – баршамызға ортақ міндет.


