Құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақтар қауіпті аймақ болып саналады. Сондықтан қоршаудан аттап өтуге, ескерту белгілерін елемеуге немесе балалардың құрылыс алаңына жақындауына жол бермеу қажет.
Мамандар құрылыс аумағына тек рұқсаты бар қызметкерлер ғана кіруі тиіс екенін еске салады. Жаяу жүргіншілер де қауіпсіз бағытпен жүріп, уақытша қойылған жол белгілеріне назар аударғаны жөн.
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – жазатайым оқиғалардың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі.

