Құрманғазыда саптық жиын өтті

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық полиция бөлімінде жеке құрамның гарнизондық саптық жиыны ұйымдастырылды.

 Іс-шараның негізгі мақсаты – саптық дайындықты жетілдіру, қызметтік тәртіп пен бірізділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел профилактикалық іс-шаралар аясында күшейтілген режимде атқарылатын қызметтің сапасын арттыру.

Жиын барысында полиция қызметкерлерінің жинақылығы, қызметке дайындығы, жаяу патрульдеу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы міндеттерді орындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

– Күшейтілген режимде қызмет атқару барысында әрбір полиция қызметкері жоғары жауапкершілік танытып, азаматтармен дұрыс қарым-қатынас орнатуы тиіс. Жаяу патрульдеу мен жедел профилактикалық іс-шаралар – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды тетігі. Қызметкерлердің тәртібі мен кәсібилігіне қарап, тұрғындардың полицияға деген сенімі қалыптасады, – деді Құрманғазы аудандық полиция бөлімі бастығының жеке құраммен жұмыс жөніндегі орынбасары полиция майоры Дидар Сарсембиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT