Полиция ауданында 24-28 тамыз аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылуда.
Полицейлер Қиғаш өзені бойында рейдтік жұмыстар жүргізіп, заңсыз балық аулау, табиғи ресурстарды пайдалану және тасымалдау деректерін анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Полиция табиғат байлығына ұқыпты қарауға шақырады. Заңсыз аңшылық пен балық аулау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.


