Құрманғазыда 15-тен астам мал жаю қағидасын бұзу дерегі тіркелді

(0 Votes)

#ЗАҢМЕНТӘРТІП 

Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің Криминалдық полиция бөлімшесі «Мал ұрлығына жол жоқ» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бірқатар жұмыстар атқарды. Іс-шара барысында 15-тен астам ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу деректері анықталды.

Тексеру нәтижесінде малды қараусыз жаю, тиісті бақылаудың болмауы сияқты заң талаптарына қайшы әрекеттерге жол берілгені белгілі болды. Аталған деректер бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданып, мал иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Полиция қызметкерлері тұрғындарды мал жаю қағидаларын қатаң сақтауға шақырып, бұл өз кезегінде мал ұрлығының алдын алуға ықпал ететінін атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT