Құрманғазы ауданында «Жолдағы балалар» профилактикалық іс-шарасы өтуде

(0 Votes)

3-7 маусым аралығында Құрманғазы ауданында «Жолдағы балалар» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

 Іс-шараның мақсаты – балалардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Шара барысында полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарының маңында, жаяу жүргіншілер өткелдерінде және адам көп шоғырланатын орындарда түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Балаларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, жолды белгіленген орындардан кесіп өту және жолда мұқият болу қажеттілігі түсіндірілуде.

Сонымен қатар, ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару және жолда жүру мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы жөнінде ескертілуде.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT