Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ешманов Руслан Олжабайұлы Құрманғазы ауданы полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізіп, қызметтік тәртіпті сақтау, заңдылықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында полиция қызметкерлерінің кәсіби әдеп нормаларын сақтау, азаматтармен қарым-қатынаста мәдениеттілік пен жауапкершілікті арттыру мәселелері кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, қызметтік міндеттерді адал әрі сапалы атқарудың маңыздылығы айтылып, қоғам сенімін нығайту жолындағы негізгі талаптар түсіндірілді.
Жиын кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтау бағытында нақты тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, әрбір қызметкердің кәсіби біліктілігі мен моральдық жауапкершілігі ішкі істер органдары беделінің басты көрсеткіші екені атап өтілді.

