Құрманғазы ауданының аумағында ағымдағы жылдың 24-31 қазан күндері аралығында «Каникул» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – күзгі каникул уақытында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруіне жол бермеу.
Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда, ойын-сауық нысандарында профилактикалық жұмыстар жүргізіп, жасөспірімдердің қауіпсіздігін бақылауда ұстайды.
Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың қайда және кіммен жүргенін бақылауда ұстауларыңызды сұраймыз.


