“Заң және Жастар” тақырыбында Құрманғазы аграрлы техникалық колледжі студенттеріне арналған құқықтық түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Аталған шараға Құрманғазы аудандық Пробация қызметінің бастығы, әділет майоры Мурзабеков Артём Ербулатович және Құрманғазы аудандық Жастар ресурстық орталығының заңгері Бақтығұл Ақниет Саламатұлы қатысып, пробация қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттері жөнінде жан-жақты ақпарат беріп, жастармен ашық пікір алмасты.
Кездесуді Жастар ресурстық орталығының жетекші маманы Ахдуйсеев Ризабек Темирбекович жүргізіп, тақырып аясында мазмұнды сұхбат ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Қорытындысында, студенттер пробация қызметінің қоғамдағы рөлін терең түсініп, заңды құрметтеу мен жеке жауапкершіліктің маңыздылығын ұғынды.

