Қазіргі таңда көпқабатты тұрғын үйлерде қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселесі өзекті болып отыр. Подъездерде бөгде заттарды қалдыру, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау немесе ортақ мүлікке ұқыпсыз қарау түрлі қауіптің туындауына себеп болуы мүмкін.
Мамандардың пікірінше, қауіпсіз орта қалыптастыру әр тұрғынның жауапкершілігіне байланысты. Қарапайым ережелерді сақтау арқылы көптеген төтенше жағдайдың алдын алуға болады.
Гүлдана Бергалиева, аудан тұрғыны:
– Көпқабатты үйде тұрған соң әр тұрғын ортақ тәртіпке жауапкершілікпен қарауы керек деп ойлаймын. Қауіпсіздік пен тазалықты сақтау өзіміз үшін де, көршілеріміз үшін де маңызды.

