Қоршаған ортаның тазалығы – адам денсаулығы мен өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды мәселе. «Таза Қазақстан» акциясы осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуге мүмкіндік беріп отыр.
Табиғатты қорғау, қоқысты белгіленбеген жерге тастамау, қоғамдық орындарды таза ұстау – әр азаматтың қарапайым міндеті. Бүгінгі тазалық – ертеңгі ұрпаққа қалдыратын ең жақсы мұралардың бірі. Сондықтан барша тұрғындарды тазалықты сақтауға және туған жердің көркеюіне белсенді атсалысуға шақырамыз.
Айбекова София


