Тазалық мәселесі тек санитарлық жағдайды жақсарту үшін ғана маңызды емес. Бұл – адамның өмірге, қоғамға және туған жеріне деген көзқарасын көрсететін көрсеткіштердің бірі. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау әр азаматтың күнделікті дағдысына айналуы тиіс.
Бүгінде қоғамда экологиялық жауапкершілік ұғымы кеңінен насихатталуда. Бұл бағыттағы жұмыстар адамдардың табиғатқа жанашырлықпен қарауына және қоғамдық орындарды күтіп ұстауға ықпал етуде. Мұндай көзқарас қалыптасқан жағдайда ғана қоршаған ортаның сапасы жақсарып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалады.
Туған жердің тазалығы мен көркеюі әр тұрғынның жауапкершілігіне байланысты. Сондықтан табиғатты қорғау мәселесіне немқұрайлы қарамау – баршамызға ортақ міндет.
— Нұрбол Нұрлығайын, аудан тұрғыны

