ҚОҒАМҒА ОРТАҚ ҚАУІП

(0 Votes)

ҚАЗІРГІ ТАҢДА ҚОҒАМНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ҰРПАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫНА КЕРІ ӘСЕР ЕТЕТІН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ БІРІ – НАШАҚОРЛЫҚ ПЕН МАСКҮНЕМДІК. БҰЛ ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ҒАНА ЕМЕС, ОТБАСЫ МЕН ТҰТАС ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ ДАМУЫНА ЗИЯН КЕЛТІРЕТІН КЕЛЕҢСІЗ ҚҰБЫЛЫСТАР САНАТЫНА КІРЕДІ.

Нашақорлық – адамның есірткіге психологиялық және физиологиялық тәуелділігін қалыптастыратын қауіпті дерт. Есірткі қолданған адам уақыт өте келе өзінің денсаулығына ғана емес, жақындарының тыныштығына, қоғамдық ортаға да қауіп төндіруі мүмкін. Есірткі адамның ойлау қабілетін төмендетіп, мінез-құлқына кері әсер етеді, еңбекке деген қабілетін азайтады. Ең өкініштісі – оның салдары жас ұрпақтың өміріне де әсер етуі мүмкін. Алкогольді ішімдікті шамадан тыс пайдалану да адам денсаулығына үлкен зиян келтіреді.

Маскүнемдік адамның отбасылық және әлеуметтік қарымқатынасына кері әсер етіп, еңбек тәртібінің бұзылуына, тұрмыстық  жанжалдардың   көбеюіне, түрлі құқық бұзушылықтарға себеп болуы ықтимал. Алкогольге тәуелділік адамның өз өміріне деген жауапкершілігін төмендетіп отбасы мүшелеріне моральдық және материалдық тұрғыдан қиындық әкеледі. Бұл мәселелердің алдын алуда отбасының рөлі ерекше. Баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оның ортасын бақылау, тәрбиесіне көңіл бөлу және баламен ашық сөйлесу көптеген келеңсіз жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Әсіресе жасөспірімдерге зиянды әдеттердің салдарын түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажет.

Мектеп, ата-ана, жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау органдары және қоғамдық ұйымдар бірлесе жұмыс істеген жағдайда ғана бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижесі арта түседі. Жастарды спортқа, мәдениетке, өнерге, білім алуға және қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту – зиянды әдеттердің алдын алудың тиімді жолдарының бірі.

Нашақорлық пен маскүнемдікпен күрес тек белгілі бір мекеменің немесе мамандардың міндеті емес. Бұл – барша қоғамға ортақ жауапкершілік. Әр азамат өз ортасында салауатты өмір салтын насихаттап, жастарға дұрыс бағытбағдар көрсетуге үлес қоса алады. Салауатты ұлт – ел болашағының кепілі. Сондықтан қоғам болып зиянды әдеттердің алдын алуға күш жұмсап, жастарымыздың дені сау, білімді, саналы азамат болып қалыптасуына жағдай жасауымыз қажет.

Индира СИРАЖЕВА,

Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT