Соңғы жылдары қоғамда тазалық мәселесіне деген көзқарас айтарлықтай өзгерді. Бүгінде қоршаған ортаны таза ұстау тек санитарлық талап ретінде емес, азаматтық мәдениеттің маңызды бөлігі ретінде қарастырылады.
Қоғамдық сана дамыған сайын адамдар ортақ мүлікке, табиғатқа және қоғамдық кеңістіктерге ұқыпты қарай бастайды. Бұл өз кезегінде өңірлердің көркеюіне, тұрғындардың өмір сапасының артуына ықпал етеді.
Экологиялық мәдениет қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың басты нәтижесі – адамдардың жауапкершілік деңгейінің артуы. Сондықтан тазалықты сақтау әр адамның күнделікті өмір салтына айналуы тиіс.
— Мадина Жеделбаева, журналист

