Сауда орталықтарында, саябақтарда және халық көп жиналатын орындарда балалардың адасып кету жағдайлары кездесіп жатады. Мұндай жағдайлар ата-аналар үшін де, балалар үшін де үлкен күйзеліске себеп болады.
Мамандар көпшілік орындарға барған кезде балаларды көзден таса қалдырмауға кеңес береді. Сонымен қатар балаға ата-анасының аты-жөнін, байланыс нөмірін және төтенше жағдайда кімге жүгіну керектігін алдын ала түсіндірген жөн.
Қауіпсіздік мәдениеті бала кезден қалыптасады. Сондықтан балаларға қарапайым қауіпсіздік ережелерін үйрету маңызды.

