Сауда орталықтары, саябақтар, қоғамдық көлік пен дәмханаларда адамдардың көп жиналуына байланысты жеке заттарға ерекше көңіл бөлген жөн. Сөмке, әмиян, телефон немесе құжаттарды қараусыз қалдыру материалдық шығынға әкелуі мүмкін.
Мамандар адамдар көп жүретін жерлерде сөмкені әрдайым бақылауда ұстап, бағалы заттарды ашық жерде қалдырмауға кеңес береді. Сонымен қатар бейтаныс адамдардың күмәнді әрекеттеріне бейжай қарамай, қажет болған жағдайда жауапты қызметтерге хабарлау маңызды.
Қарапайым сақтық шараларын сақтау арқылы көптеген жағымсыз жағдайлардың алдын алуға болады.


