Бүгінде көптеген азаматтар банк бөлімшелерінде, халыққа қызмет көрсету орталықтарында немесе қоғамдық көлікте телефон арқылы жеке мәселелерін талқылап, банк картасының нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе басқа да маңызды мәліметтерді дауыстап айтып жатады. Мұндай әрекет алаяқтардың жеке ақпаратты пайдалануына мүмкіндік беруі мүмкін.
Мамандар қоғамдық орындарда жеке деректерді жария айтпауға, банкке қатысты мәліметтерді бөгде адамдардың көзінше енгізбеуге және құпия ақпаратты ешкіммен бөліспеуге кеңес береді. Сондай-ақ банкомат немесе төлем терминалын пайдаланған кезде айналадағы адамдарға назар аударған жөн.
Жеке мәліметтердің қауіпсіздігі қарапайым сақтықтан басталады. Әр азамат өз ақпаратына жауапкершілікпен қарауы қажет.

