Қоғамдық орындардағы орындықтар, аялдамалар, жарық шамдары, гүлзарлар мен басқа да инфрақұрылым нысандары – барша тұрғынға ортақ игілік. Сондықтан оларды күтіп ұстау және бүлдірмеу әр азаматтың міндеті.
Өкінішке қарай, кейде қоғамдық мүлікке зиян келтіру, орындықтарды сындыру, аялдамаларға жазу жазу немесе қоқыс тастау фактілері кездеседі. Мұндай әрекеттер елді мекеннің көркін бұзып қана қоймай, қалпына келтіруге қосымша қаражат жұмсауға мәжбүр етеді.
Ортақ мүлікке ұқыпты қарау – құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Әр адам өзінен бастаса, қоғамдық орта әлдеқайда таза әрі қауіпсіз болады.

