Көшеде, дүкенде немесе қоғамдық көлікте жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, банк картасы сияқты құжаттарды тауып алу кез келген адамның басынан өтуі мүмкін. Мұндай жағдайда табылған затты өз қажетіне пайдалану немесе иесінің жеке мәліметтерін таратуға болмайды.
Құжаттың иесін өз бетінше іздеу кезінде оның жеке деректерін әлеуметтік желілерде ашық жарияламаған жөн. Табылған құжатты тиісті мекемеге немесе құқық қорғау органдарына тапсыру – қауіпсіз әрі дұрыс шешім.
Бөтеннің мүлкіне құрметпен қарау – азаматтық жауапкершіліктің белгісі. Құжат иесіне қайтарылған әрбір зат адамның жеке қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға ықпал етеді.


