Әлеуметтік желілердің дамуына байланысты қоғамдық орындарда фото және видео түсіру үйреншікті жағдайға айналды. Алайда кез келген адамды оның келісімінсіз жақыннан түсіріп, жеке өміріне қатысты бейнематериалдарды интернетке жариялау түрлі түсініспеушіліктерге әкелуі мүмкін.
Мамандар қоғамдық орындарда өзгелердің жеке кеңістігіне құрметпен қараудың маңызын атап өтеді. Әсіресе балаларды немесе бөтен адамдарды түсірген кезде әдеп нормаларын сақтап, олардың құқықтарын ескерген жөн.
Заңды құрметтеу тек құқық бұзушылыққа жол бермеумен ғана шектелмейді. Ол айналадағы адамдарға сыйластықпен қарап, қоғамдық мәдениетті сақтаудан басталады.

