Қоғамдық орындарда ұмыт қалған телефон, әмиян немесе басқа да бағалы заттар кездесіп жатады. Мұндай жағдайда кейбір адамдар затты иесіне қайтарудың орнына өзіне алып қалуды жөн көреді. Алайда бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену заң талаптарына қайшы келеді.
Мамандар жоғалған зат табылған жағдайда оның иесін анықтауға тырысу немесе жақын маңдағы әкімшілікке, күзет қызметіне не құқық қорғау органдарына тапсыру қажет екенін айтады. Бұл азаматтық жауапкершіліктің және құқықтық мәдениеттің көрінісі.
Заңды құрметтеу үлкен істерден емес, күнделікті өмірдегі қарапайым әрі адал әрекеттерден басталады.

