Қоғамдық орындардағы орындықтарды сындыру, аялдамаларды бүлдіру немесе қабырғаларға рұқсатсыз жазулар жазу секілді әрекеттер әлі де кездеседі. Мұндай жағдайлар ортақ мүлікке зиян келтіріп қана қоймай, қоғам мәдениетінің деңгейіне де әсер етеді.
Сарапшылардың айтуынша, қоғамдық мүлік – барлық тұрғынға ортақ игілік. Сондықтан оған ұқыптылықпен қарау әр азаматтың міндеті болуы тиіс.
Ақмарал Уразғалиева, аудан тұрғыны:
– Ортақ дүниеге жанашырлықпен қарау қажет деп ойлаймын. Қоғамдық мүлікке зиян келтіру ешкімге пайда әкелмейді. Керісінше, мұндай әрекеттер қоғамдағы тәртіп пен мәдениетке кері әсер етеді.

