Кез келген елдің даму деңгейі тек экономикалық көрсеткіштермен емес, қоғамдағы мәдениет пен тәртіптің деңгейімен де бағаланады. Ал қоғамдық мәдениеттің маңызды көрсеткіштерінің бірі – тазалыққа деген көзқарас.
Бүгінде тазалық мәселесі тек сыртқы көрініс үшін ғана емес, қоғамның ішкі мәдениетін қалыптастыру үшін де маңызды болып отыр. Көшеде қоқыс тастамау, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау, қоршаған ортаны таза ұстау сияқты қарапайым әрекеттер азаматтық жауапкершіліктің белгісі саналады.
Сарапшылардың пікірінше, тазалық мәдениеті ең алдымен отбасынан басталады. Баланың бойына қоршаған ортаға құрметпен қарау қасиеті ерте жастан сіңірілген жағдайда, ол болашақта қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасады. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар тек сенбілік немесе акциялармен шектелмеуі керек.
Қоғамдық мәдениет пен тазалық ұғымы бір-бірімен тығыз байланысты. Таза орта адамдардың өмір сүру сапасын арттырып қана қоймай, туған жерге деген құрметті де күшейтеді. Сол себепті тазалықты сақтау әр адамның күнделікті өмірлік ұстанымына айналуы қажет.
— Гауһар Серік, аудан тұрғыны

