Лудомания – құмар ойындарға тәуелділік, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Ол адамның қаржылық жағдайына ғана емес, психологиялық көңіл-күйіне, отбасылық қарым-қатынасына және жалпы өміріне кері әсерін тигізуі мүмкін.
Құмар ойынға әуестену уақыт өте келе тәуелділікке айналып, қарызға бату, жақындарымен түсініспеушілік және әлеуметтік мәселелерге әкелуі ықтимал. Сондықтан әр адам өз уақытын тиімді пайдаланып, құмар ойындардан аулақ болғаны жөн.
Лудоманияның алдын алуда отбасының қолдауы, дұрыс тәрбие және салауатты өмір салтының маңызы зор. Жастарды спортқа, білімге, шығармашылыққа және пайдалы істерге бағыттау – тәуелділіктің алдын алудың тиімді жолдарының бірі.
Айбекова София


