Лудомания – адамның құмар ойындарға тәуелді болуына әкелетін күрделі әлеуметтік мәселе.
Құмар ойынға әуестік адамның қаржылық жағдайына ғана емес, оның отбасына, жұмысына және жақындарымен қарым-қатынасына да кері әсер етуі мүмкін. Әсіресе жастардың бұл тәуекелден сақ болуы маңызды.
Оңай жолмен ақша табуға деген қызығушылықтың соңы үлкен қиындықтарға әкелуі мүмкін. Сондықтан бос уақытты пайдалы өткізіп, спортпен, шығармашылықпен және басқа да пайдалы істермен айналысуға көңіл бөлген жөн.
Гүлдана Серікбайқызы


