Күн сайын мыңдаған азамат қоғамдық көлікпен немесе жеке автокөлікпен қатынайды. Алайда жол-көлік оқиғаларының бір бөлігі жолаушылардың көліктен түскеннен кейін қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан орын алады.
Мамандар көліктен түскен соң бірден жолға жүгіріп шықпауға, айналадағы көліктердің қозғалысына көз жеткізуге және жолды тек жаяу жүргіншілер өткелі арқылы кесіп өтуге кеңес береді. Балаларға да осы ережелерді тұрақты түрде түсіндіріп отырған жөн.
Жолдағы қауіпсіздік әр адамның жауапкершілігінен басталады. Қарапайым сақтық шаралары адам өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі.

