Құқықтық тәртіпті сақтау – баршамызға ортақ міндет. Заң талаптарын орындау арқылы өзіміздің ғана емес, айналамыздағы адамдардың да қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз.
Қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық әр азаматтың жауапкершілігінен басталады. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, құқық бұзушылыққа жол бермеу, өзгенің құқығы мен бостандығын құрметтеу – мәдениетті әрі жауапты қоғамның басты белгілері.
Әр адам заңды біліп қана қоймай, оның талаптарын күнделікті өмірде сақтауы қажет. Құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – мемлекет пен азаматтардың бірлескен әрекетін талап етеді.
Тәртіпті қоғам – қауіпсіз қоғам. Заңды сақтау арқылы біз өз болашағымызды, отбасымыздың тыныштығын және елдегі тұрақтылықты қорғаймыз.
Заңға құрмет – елге құрмет! Тәртіпке бағыну – қауіпсіз болашаққа жасалған қадам!


